ОҚО-да әжелерден құрылған волейбол командасы ойнайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 30, 2023

ОҚО-да әжелерден құрылған волейбол командасы республикалық деңгейде ойын көрсеткісі келеді. Жетісай қаласындағы танымал әжелер командасы 4 жылдың ішінде аймақ бойынша үздік атанып үлгерген.

Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарға үлгі болып жүрген әуедоп ойыншыларының арасында 65-70 жастағы аналар да бар.

Әуедоптан әжелер командасының капитаны Хабиба ана 8 бала тәрбиелеп, 8 немере сүйіп отыр. Спортты жастайынан жанына серік еткенімен бұрындары қазіргідей қолға алмапты.

"Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы мықты болады. Күнделікті ертеңгісін жаттығуды үзбей жасаймын. Тек волейбол емес, баскетбол да ойнаймын. Балаларыма да спортты насихаттап отырамын", — дейді Хабиба Мұратова.

Ал жетісайлық аналар ойын көрсетер кезде сол аумақтағы әжелер мен аталар қолдау көрсетуге жиналады. Ойынның соңы ән думанға жалғасады екен.

Волеболшылар Жетісай бойынша бар қарсыластарын жеңгеннен кейін ел көлемінде ойын көрсетсек деген армандары да бар. Ол үшін өздері сияқты аналардан құрылған командаға іздеу салады. 

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.