Серік Ахметовтің «қайтыс болғаны» туралы қауесетті Жамбыл облысының тұрғыны таратқан


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 6, 2024

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жайлы қауесет таратқан Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны ұсталды деп хабарлады, облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Оның айтуынша күдікті азамат Жандос Байшеміров 22-қаңтар күні  Жамбыл облысындағы Көгершін ауылында қолға түскен.

Байшеміров "ВКонтакте" әлеуметтік желісі және WhatsApp байланыс бағдарламасының көмегімен "Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов қайтыс болған" деген қауесет таратқан деген күдікпен ұсталған.

Полиция одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алып үйіне босатқан. Қаңтардың 9-ы күні әлеуметтік желілерде Қазақстанда үйқамақта отырған Серік Ахметовтің "суицид жасағаны" туралы қауесет тараған еді.

Бірақ Қарағанды облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ол ақпаратты жоққа шығарған.

Бұған дейін "аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырған" деген күдікпен үстінен қылмыстық іс қозғалған Серік Ахметовтің үйқамақта болу мерзімі үшінші айға – ақпанның 18-іне дейін ұзартылған еді.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.