Апта ішіндегі жаңа кадрлық тағайындаулар


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 18, 2023

Елімізде өткен аптада орталық атқарушы органдарында тағайындаулар аз болғанымен, бірқатар облыстық және қалалық деңгейлердегі әкімдіктерде, сондай-ақ ұлттық компанияларда айтарлықтай кадрлық ауыс-түйістер болды.

Сонымен, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, өткен аптада мемлекеттік хатшысы, президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режімде Астана, Алматы қалалары мен облыс әкімдерінің орынбасарлары, әкімдер жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағаларының қатысуымен кеңес өткен болатын.

Бұл кеңесте Гүлшара Әбдіқалықова кеңеске қатысушыларға ұлттық комиссия төрайымының екі орынбасары — парламент мәжілісінің депутаты Е.И.Тарасенконы, орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлейменді таныстырды.

Сонымен бірге Астана әкімдігінде бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков аппарат кеңесі барысында ұжымға аумақтық бөлімшелердегі және әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік органдағы жаңа басшыларды таныстырды.

Астана қаласы бойынша Ветеринарлық бақылау және қадағалау аймақтық инспекциясының басшысы болып Айтбай Тайжанов, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып Дүйсен Әділханов тағайындалды.

Астана қаласы әкімінің өкімімен жаңа мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болып Олжас Бектенов келді. Сондай-ақ Астана қаласы әкімінің өкімдерімен: Бисембаев Қайрат Әшіралыұлы — Астана қаласының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Ахметов Ербатер Қасембайұлы — Астана қаласының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұған дейін хабарланғандай, Астана қаласы әкімінің өкімімен қалалық мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы болып Олжас Бектенов тағайындалды.

21 қаңтар күні БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев өңір активінде жаңадан тағайындалған орынбасарларын таныстырды. Осыған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған Серік Шәпкеновтің президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалуына байланысты оған жаңа орнында сәттілік тіледі.

Президент әкімшілігінің келісімімен С.Шәпкеновтің орнына бірінші орынбасар болып Арман Өтеғұлов тағайындалды. Ол осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Сондай-ақ бұған дейін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ БҚО филиалының директоры болған Игорь Стексов облыс әкімінің орынбасарлығына бекітілді.

Жаңа тағайындауларға байланысты жауапты лауазымдық міндеттер де өзгерді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов ауыл шаруашылығы саласына қоса Орал қаласы мен аудандар әкімдеріне, басқарма басшыларына жалпы басшылық жасайды. Облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімов экономика және қаржы, мұнай-газ саласына жетекшілік етеді.

Облыс әкімінің орынбасары Игорь Стексов сыртқы экономикалық қатынастарға, орта және шағын бизнестің дамуына, индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асуына, өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімді жұмыс жасауына жауап береді. Облыс әкімінің орынбасарларына бұдан басқа да қосымша міндеттер жүктелетін болады.

Осы аптада Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Қаратал ауданының әкімі тағайындалды. Ол — Жамбыл облысының тумасы Қайрат Бисембаев.

Бұрынғы Қаратал ауданының әкімі Сұлтан Дүйсенбиев Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұдан басқа, облыстық ветеринария басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Ол бұрын облыстық ветеринария басқармасының ветеринарлық-санитариялық шаралар, ауылшаруашылығы малдарын лицензиялау және бірдейлендіру жүргізуді ұйымдастыру бөлімінің басшысы болды.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.