Алматы полициясы контейнерде тұрып жатқан балаларға көмек көрсетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 28, 2022

Алматы қаласының әкімдігі мен ІІД Галина Адыгезаловаға төлқұжаттарын тіркеуге және балаларының мектепке орналасуына көмектеседі.

Төл құжаттарының жоқтығынан мектепке бара алмай отырған балалары дүйсенбі, яғни 26 қаңтар күні Науырызбай ауданындағы №188 мектептің оқушысы атанады. Жеті жастағы Алена мен 11 жастағы Надя бірінші сыныпқа бірге барады. Ал кіші баласы Дима дайындық сыныбына барып, сауатын ашады. Сонымен қатар, қала әкімдігі Галина Адыгезаловаға баспана бермек, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Айта кетсек, Адыгезалова Галина Геннадьевна 1973 жылы туған, оның кәмелет жасына толмаған үш баласы бар. Адыгезалова көлік жуу мекемесінде жұмыс істеп, сол жерді мекендеген. Оның тұрып жатқан жерінде мүлдем тазалық сақталмаған.

Сонымен қатар, балаларының төл құжаты жоқ. Соның салдарынан бүлдіршіндері мектепке бармаған. Алматыда тұрақты мекен-жайы да жоқ.

"Қазіргі таңда Галина Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ ювеналды полициясында тіркеуде тұр. Алдағы күндері оның балаларына төл құжат жасалатын болады", — дейді Алматы қаласы Әуезов ауданы ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы Айгерім Бейсекова.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.