«Тұлпар-Talgo» бұрынғыдан кеңірек вагондарды шығармақшы


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 5, 2022

"Тұлпар-Talgo" ЖШС зауытында испаниялық Рatentes Тalgo S.L.U компаниясының технологиясы бойынша жолаушыларға қолайлы, кең вагондар жасалуда.

Ағымдағы жылы кәсіпорын 153 жолаушылар вагонын шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ биыл жолаушыларға жайлы болуы үшін кең кузовты 600 вагон шығармақ.

Бұған дейін вагондардың жалпақтығы 2950 мм болса, ендігі шығарлатын вагондар 3200 мм болады.

Жалпы 2016-2019 жылдар аралығында кең кузовты вагоны бар 21 пойыз (603 вагон) шығару жоспарланып отыр.

Жыл сайын Тальго пойыздарына деген сұраныс артуда. Өткен 2014 жылдың өзінде "Жолаушылар тасымалы"  акционерлік қоғамы миллионнан астам жолаушыны тасымалдаған.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.