Қазақстан аймақтарында бензин әртүрлі бағамен сатылуда


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 4, 2022

Еліміздің бірқатар аймақтарында ең көп қолданылатын бензин маркасының бағасы күтпеген жерден арзандады. АИ-92 бензині литріне 104 теңгеге дейін төмендеген деп, хабарлайды 7 арна.

Жанармайдың бағасы мемлекет тағайындаған тарифтен де төмен. Үкіметтің бекітіп берген құны АИ-92 маркалы бензин үшін 109 теңге болса, кейбір кәсіпкерлер бұны өздігінше өзгертіп, халыққа қуаныш сыйлап отыр. Мәселен, Шымкенттегі бірқатар бекеттерде АИ-92 маркалы сұйық отын құны 104, 105 теңгеден сатылуда. Газ бағасы да 50 теңгеге дейін түскен. Бұны көріп, бір қуанып қалған жүргізушілер жанармай құнын тағы да арзандатса деп тілеп жүр.

"Бүкіл дүниежүзі бойынша белгіленген баға 60 доллардан төмендеп жатқаны белгілі. Негізінде үкімет тарапынан белгіленген баға 109 теңге екенін білеміз. Бірақ көп жерлерде бензинді 105, 104 теңгеден де сатып жатыр. Дегенмен менің ойымша баға әлі де болса 80, 90 теңге түсуі керек", — дейді жүргізуші Хафиз Жалғасбаев.

Ал алпауыт компаниялар үкімет тағайындаған тарифте тұрақтап тұр. Осыған байланысты қазір халықтың пікірі екіге жарылып отыр. Төмен баға қойған кәсіпкерлер өзіне пайдасы түспесе, сатпайтыны анық. Демек, бекеттер бұдан да арзан алады деген тұжырымда. Ал ендібірі мұндай өзгеріске арзанның сапасында сын болуы мүмкін деп отыр.

"Әр жанармай құю бекеті әртүрлі. Бірі бензинге су қосып сатады. Сапасы өте нашар. Халық мұны көріп те, біліп те жүр", — дейді жүргізушінің бірі Байбек Тойлыбаев.

Ал шымкенттік шенеуніктер биыл операторлар 15 мың тонна жанармайды артық бөлді деп отыр. Сондықтан облыста тапшылық жоқ. Ал бағаның төмендеуіне тек бір ғана мәселе әсер етуі мүмкін.

Бағаның төмен болу себебі ол тікелей өздері әкеліп жатқан жанармайға байланысты. Олар бензинді Ресейден немесе тікелей өздері келісім шартқа отырған операторлары мен доминанттары арқылы алуы мүмкін

"Бағаның төмен болу себебі ол тікелей өздері әкеліп жатқан жанармайға байланысты. Олар бензинді Ресейден немесе тікелей өздері келісім шартқа отырған операторлары мен доминанттары арқылы алуы мүмкін", — деп отыр ОҚО кәсіпкерлік және индустриялы-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары  Қанат Сыдықов.

Бензин бағасындағы мұндай өзгерістер Алматы қаласында да байқалады. Мұндағы нарық АИ-92 маркалы жанар май үшін 105 теңгеден саудалануда. Осыған қатысты сұрау салынған сарапшылар өзгерісті әлемдік нарықпен байланыстырады.

"Менің ойымша, бұл өзгеріс екі себепке байланысты. Мұнай баррелі қазір арзандап, 50 доллар төңірегінде теңселіп тұр. Ал екіншісі рубль құнының құлдырап кетуі әсер етуде. Ресейден тасымалданатын бензиннің көтерме бағасы 80 теңгеден аспай тұр. Сондықтан қазір шекара сыртындағы жанармай нарқы бізге де әсер етіп отыр", — деді Мұнай-газ нарығының сарапшысы Сергей Смирноа.

Қызылордадағы сауда да 105 теңгеден қызып тұр. Кейбірі көп қиналмастан 108 теңгеден сатып жатыр. Тағайындаған тарифтен өзгеріс небәрі 1 теңге.

"Қызылорда облысының көлемінде қазір орташа баға 108 теңге.109 теңгеден де кездесетін жерлер бар", — дейді Қызылорда облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құрманкүл Датқабаева.

Қалай дегенмен де көптің көкейін күпті еткен мәселе — бензин бағасын бұдан да арзандату. Жүргізушілер әлемдік нарықтағы ауытқуларды ескеріп, үкімет ресми шекті бағаны тағы да түсірсе екен деген ниетте.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.