Астанада ер азамат өзінің туған анасын өлтірмек болды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июн 16, 2022

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында туған анасын өлтірмек болған азаматтың ісі қаралды.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі ұсынған сот материалдарына сүйенсек, сотталушы отбасылық кикілжіңнің нәтижесінде пайда болған жеке қастық көзқарасы негізінде туған анасын өлтіруге бекінген.

Анасын өлтіру мақсатында алдын ала ас үйден пышағын дайындап, сол күні кешке анасымен үйіне оралып келе жатып, кіреберісте оның денесіне пышақпен бірнеше соққы жасаған.

Алайда жәбірленушінің көмекке шақырған даусын естіген көршісі Р. Ерғанов қылмыс орын алған жерге жедел келіп қалып, ананың өмірін сақтап қалған.

Сот үкімімен қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігі, 24-баптың 3 бөлігі бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін Ж.М. Серіков кінәлі деп танылды.

Енді ол 7 жылын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Новости Казахстана


Июн
6

Комментарии закрыты.