Депутат: Елбасының өмірі мен еңбек жолы жастарға үлгіге айналуы тиіс


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 4, 2022

Еліміздің жастары үшін елбасының өмірі мен еңбек жолы өз елінің патриоты болудың жарқын үлгісі болуы керек. Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлімдеді.

Сөз арасында сенатор бүгінде елімізде жастар саны 4,4 млн немесе халқымыздың 26 пайыздан астамын құрайтынын, айта келе, қазіргі таңда еліміздегі әрбір жастың алдында: "Мен мына жаңа қоғамнан өз орнымды таптым ба?" деген заңды сұрақ тұрғанын тілге тиек етті.

"Қоғамның бар күш-жігері жас ұрпақты отансүйгіштікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталуы керек. Алайда тек қана "Отаныңды сүй, еліңнің патриоты бол!" деген жалаң сөздер тәрбие емес, ол үгіт-насихат. Ондай үгіт-насихаттан жастар тез жалығады. Жастарға оларды жалықтырмайтын, қайта ойын терең дамытып, қиялын өсіретін, адамгершілік пен инабаттылыққа, патриоттық рухта тәрбиелейтін кітаптар керек. "Жаужүрек мың бала" сияқты, елбасымыздың өмірі баяндалған көркем фильмдер, тәрбиелік мәні бар бағдарламалар керек", — деді Айтаханов.

Осыған орай, сенатор бұл бағытта соңғы жылдары бірқатар игі істер атқарылғанымен, кемшіліктер де жеткілікті екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, бүгінде теледидар экраны шулаған шоуға, арзан күлкі, қазақты мазаққа айналдыратын дөрекі әзілдерге толып кеткен.

"Жаужүрек мың бала" сияқты, елбасымыздың өмірі баяндалған көркем фильмдер, тәрбиелік мәні бар бағдарламалар керек

Депутат арналардың ұлттық мүддеге жат пиғылдарды насихаттап, зорлық-зомбылыққа, бейәдептілікке толы шетел сериалдарын көрсетіп, жат мәдениетті жастар санасына сіңіріп жатқанын айтты. Бұл ретте депутат соңғы кездері қоғамда бұрын естіп-білмеген қылмыстардың көбейіп кетуін де осы жағдаймен байланыстырады. Мәселен, Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2014 жылы жасөспірімдердің қатысуымен 3558 қылмыс жасалған. Былтыр жасөспірімдердің қатысуымен 28 адам өлтіру оқиғасы тіркелгенін атап өтті.

"Қазіргі заманда "Ел боламын десең, экраныңды түзе" деген ұран керек сияқты. Себебі, бүгінгі экран осы заманның бесік жыры. Неге десеңіз, күн сайын тілі шыға бастаған сәбилерімізден бастап, жүз мыңдаған алам теледидар алдында отыр. Ұрпақ тәрбиелеудегі көгілдір экранның қуаты мен күшін жастарымыздың санасын тәуелсіздік рухында, адамгершілікке, имандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеуге пайдалана білуіміз керек", — деді ол.

Қуаныш Айтаханұлы, жастар санасына патриотизм өзін, отбасын және отанын сүюдегі ұлы жауапкершілік екенін сіңіру маңызды екенін айта келе, ұшы-қиыры жоқ жастар саясаты үшін қаражатты аямауға шақырды.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.