Букмекерлік кеңселер мектеп пен жатақханалардан аулақ салынады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 30, 2024

"Ойын туралы" заң қабылданса, ондағы өзгерістерге сәйкес, букмекерлік кеңселер балабақшалар мен жатақханалардан аулақ салынады.

Бұл туралы  "Лотерея және лотерея қызметі туралы" заң жобасының таныстырылымы барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Министр, парламент қарауына екі заң жобасын кіргізілгенін айтты. Біріншісі – "Лотерея және лотерея қызметі туралы" заң жобаса, екіншісі "Ойын бизнесі" туралы заң жобасы. Букмекерлік кеңселер мәселесі осы екінші заңда қамтылған.

""Ойын бизнесі" туралы заң депутаттар талқылауынан өткен, қазір жұмыс тобының қолында. Ойын саласындағы заңдар өте күрделі заң. Осы заң аясында букмекерлік кеңселерге қойып отырған бірінші талабымыз – олар өздерінің ойын автоматтарына қатысты үнемі статистика беріп отыру керек. Қазіргі заң аясында біз олардағы ойын автоматтарының санын қадағалап отырған жоқпыз ", — дейді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, букмекерлік кеңселерге қатысты екінші өзгеріс – заң аясында олар ашылатын орындарға шектеу қойылады.

"Қазір, байқасаңыздар, букмекерлік кеңселер кез келге жерде ашылып жатыр. Тіпті, бала бақша, мектептердің қасынан да, студенттердің жатақханаларына жақын орындарда да, тұрғын үйлердің астынан да ашылып жатыр. Заң аясында біз букмекерлік кеңселер жеке ғимараттарда болсын деген өзгеріс ұсынып отырмыз. Яғни, олар білім нысандарының, жатақханалардың жанында емес, жеке ғимараттарда ашылуы керек", — деп түсіндірді ол.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.