Қазақ хандығы туралы сериалда соғыс көріністері аз болады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 18, 2023

Қазақ хандығы туралы сериалда қанды соғыс көріністері аз болады. Керісінше, сол кезеңдегі дипломатия мен мемлекеттік үйлестіру мәселесіне көп назар бөлінбек.

Бұл туралы бүгін журналистердің сұрағына жауап берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Қазақ хандығы туралы сериал тікелей елбасының назарында. Нұрсұлтан Әбішұлы өз ойын білдіргенде "неге осы соғысты көрсете береміз? Қазақ халқы өмір бойы қалмақтармен, ойраттармен соғыса берді ме? Хандықтың ғұламалары қайда, философ-ойшылдарымыз қайда?" деген болатын. Расымен, кең байтақ жерді тек қана найзаның ұшымен сақтап қалу мүмкін емес. Ол кезде де дипломатия болды, ол кезде де мемлекеттік үйлестіру болды. Осы сериалды түсірудегі мақсатымыз – тарихтың осы тұсын ашып көрсету", — дейді министр.

Еске сала кетейік, елбасы 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланатынын айтқан болатын. Осыған орай, тарихи сериал түсіруге тапсырма берді.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.