18 жасқа толмағандар жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 22, 2023

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда қаралып, қабылданды.

Бұл құжат "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң жобасына ілеспе құжат болып табылады және ол бойынша 18 жасқа толмағандар үшін жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімі қарастырылмайтын норма қамтылып отыр.

Бұдан бөлек, құжатта жұмысқа алғаш кірген жас маманға екі жылдан кем болмайтын мерзімге еңбек шартын жасау туралы норма енгізілді.

Сонымен қатар, 18 жасқа толмаған жастарға, сонымен бірге техникалық және кәсіби орта білімнен кейінгі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу білім бағдарламаларын игерген, оларды бітірген күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей алған мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін мамандарға сынақ мерзімі бекітілмейді.

Тұтастай алғанда, құжат жастардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға бағытталады. Бұдан бөлек, заңда жас мамандармен еңбек келісімшартын жасасу мерзімі қамтылып, сынақ мерзімі қарастырылмайтын санаттар кеңейтілді.

Парламент қабылдаған құжат мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.