Қазақстанда Қазақ хандығының мұражайын ашу ұсынылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 10, 2022

Сенат депутаты Қуаныш Айтаханов Түркістан қаласында Қазақ хандығы музейін ашуды ұсынды. Cенат отырысында депутат премьер-министр Кәрім Мәсімовке осындай депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Bnews.kz.

"Үстіміздегі жылы елімізде тұңғыш рет кең көлемде қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады. Негізгі іс-шаралар Жамбыл облысында өткізілмекші. Бұл ретте ғасырлар бойы қазақ хандығының астанасы болған және хандарымыз бен батырларымыздың, билер мен шешендеріміздің мәңгілік мекені қасиетті Түркістан қаласына артылар жауапкершілік аз емес. Қазақ тарихында небір ірі тарихи оқиғалар осы Түркістан қаласында болған", — деді Айтаханов.

Сондықтан қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Түркістан қаласында республикалық халықаралық дәрежеде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру керек деп есептейді сенатор.

"Қазақ хандығы дегенде Түркістан атауы еріксіз еске түседі. Себебі, мұнда қазақтың 21 ханы және өзге де игі жақсылар жерленген. Сондықтан қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойы қарсаңында Түркістан қаласында қазақ хандығы музейін ашу тарихымызға деген үлкен құрмет болар еді", — деді депутат.

Ол сонымен қатар бүгінде қалалық қазынашылық бөлімі орналасқан Әзірет Сұлтан кесенесі маңында 1903 жылы салынған, патшалық әскери гарнизон штабы ретінде қызмет жасаған тарихи ғимарат бар. Сол нысанды қазақ хандығы музейі етіп мерейтой қарсаңында ашуға толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.