Ресей арақ-шарап өнімдерін жарнамалауға рұқсат беретін заңға өзгерту енгізді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 19, 2022

Еуразиялық эконимикалық одаққа мүше елдер арасында біртұтас экономикалық саясат жүргізіледі. Биылдан бастап Ресейде арақ-шарап өнімдерін жарнамалауға рұқсат беретін заңға өзгерту енгізілді.

Ал Қазақстанның ішімдік өнімдерін жарнамалауға тыйым салғанына 11 жылдай уақыт өтті.

Сарапшылардың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында мұндай жағдай ортақ нарық құру саясатына қарама-қайшы.

Кәсіпкерлер "өз тарапынан жарнамаға тиым өнімнің сатылуына әсер етпейді", — дейді.

"Қазақстанның не Ресейдің болсын арақ-шарап өнімін тұтынатын адам, не болса да алады. Сол себепті де, жарнамаға шектеу спирттік өнімдердің сатылымына тікелей әсер етпейді. Мысалы, бүгінде Қазақстан әлем бойынша алкогольді тұтыну көрсеткіші жағынан 34-ші орынды алып отыр. Негізі мен ішімдіктерді жарнамалауға түбегейлі қарсымын", — деді шарап зауытының бас директоры Рудик Мнацаканян. 

Еуразиялық экономикалық одақтың белді мүшесі саналатын Ресейде ішімдіктерді жарнамалауға рұқсат берілсе, бізге қаншалықты әсер етпек? Бұл мәселе әзірше талқылау деңгейін де ғана.

Тілге тиек етсек, соңғы жылдары нарықта отандық алкоголь экспортының көлемі төмендеген. Ал импорт 8,5%-ға артып отыр. Тауар белгілерін қорғау сарапшысының пікірінше, одақ аясында барлық дүние тең дәрежеде болуы тиіс. Әрі, мұндай өнімдерге жарнама қаже емес.

Елімізде ішімдікті тұтыну көрсеткіші осыдан екі жыл бұрын адам басына шаққанда 19 литрді құраған еді. Қазір айтарлықтай төмендеген. Ал, бүгіндері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Беларусь елінде бұл көрсеткіш 17,5 литр таза спиртті құраса, Ресейде 15 литр, ал Қазақстанда 10 литрға азайыпты.

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.