Елімізде бірыңғай автотұрақтар пайда болуы мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 31, 2024

Парламент депутаттары көшедегі автотұрақтардың бірыңғай стандарттарын жасауды ұсынып отыр.
 

Мәжілістің кезекті отырысында "Ақ жол" фракциясының депутаты Талғат Ерғалиев еліміздің ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың атына осындай депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Жетінші арна.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенген депутаттың сөзінше соңғы 11 жылда еліміздегі көліктер саны 3 есеге өскен. Ал Астанада бұл көрсеткіш 4 еселенген екен. Депутаттың айтуынша,  Қазақстан  қалаларының басым бөлігі Кеңес үкіметі кезінде салынғандықтан, мұндай көлік өсімі болатыны ескерілмеген көрінеді.

"Ол кезде Қазақстанда осындай көлік нөпірі болады деп болжанбаған. Соның салдарынан қазір көлік қоятын жер жоқтың қасы. Астана мен Алматы сынды қалалардағы әкімшілік ғимараттар, іскерлік орталықтары, сауда үйлері, мектептер мен мемлекеттік мекемелердің алдында ине шаншар жер жоқ", — деді мәжілісменТалғат Ерғалиев.

Депутаттың сөзін бақсақ, Астана, Алматы және еліміздің басқа шаһарларында ашық автотұрақ орындарының жетiспеуі әкiмшiлiк, iскерлік, сауда орталықтарында, мемлекеттiк мекемелер, мектептер, балабақшалар, ұлттық компаниялар кеңселерiнiң жанында жиі кездесетін мәселеге айналған деп жазады Алаш айнасы.

"Астанадағы Достық көшесiнде орналасқан "Мәскеу" бизнес орталығы ғимаратының 44500 шаршы метрi аумағында 295 қана тұрақ орны бар. Яғни, бiр орынға 150 шаршы метрден астам аумақтан келедi деген сөз. Ашық тұрақ орындарының жетiспеушiлiгi елорданың ойын-сауық кешендерiнде де байқалуда. Алматы қаласының мемлекеттiк мекемелерi, ойын-сауық, сауда кешендерiнде орташа есеппен алғанда бiр автотұрақ орнына ғимараттың 80-100 шаршы метр аумағынан келедi екен. Ал сауда базарларындағы бұл мәселе әлдеқайда өзектi болуда", — деп депутат ойын түйіндеді.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.