ІІМ: Автоорындыққа қатысты заң өзгертілмейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 6, 2023

Бүгін мәжілістің жалпы отырысының алдында Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қоғам арасында қызу талқылауға түскен балаларды тасымалдауға қатысты автоорындыққа қатысты жауап берді.Автоорындық туралы заң күшінде қалады

"Талап ету заңдылығы ешқандай өзгеріссіз қалатындығын мәлімдеді", — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бұл мәселеге қатысты қоғам арасында түрлі пікірталас туындап, көптеген сын-ескертпелер айтылған соң, мәжіліс депутаттары "Жол қозғалысы ережесінің" кейбір тармақтарын жүзеге асыруды бір жылға дейін уақытша шегере тұруды сұраған болатын.

Осы мәселеге қатысты қандай пікір айтасыз деген сауалға, министр бірден: "Жоқ, олай болмайды! Ал осыған қатысты мәселелер заң аясында ғана шешімін табатын болады" деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың алғашқы күндерінен бастап күшіне енген "Жол қозғалысы ережесінің" кейбір баптарына сәйкес жүргізушілер 12 жасқа дейінгі баланы арнайы қауіпсіздік құрылғыларымен қамтамасыз ету арқылы ғана тасымалдауды міндеттеледі.

Ал егер бала көліктің алдыңғы орындығында отырғысы келсе, оған арнайы автоорындық ұсынылуы тиіс. Осындай заң талаптарын сақтамай балалар тасымалдаған жүргізуші 5 АЕК көлемінда айыппұл төлейтін болады.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.