Ақтөбеде 3 балалы отбасын жаңа пәтерінен қуып шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 26, 2022

Ақтөбеде бір отбасы екі күннің ішінде үш бөлмелі пәтер інен айырылып қалды. Асылбек Байлиевке өзі қызмет ететін Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан үш бөлмелі пәтер берілген деп хабарлайды 7 арна.

Жұма күні салтанатты түрде пәтер кілтін алған отағасына зауыт әкімшілігі дүйсенбі күні хабарласып, кілтті қайта тапсыруын талап етіпті. Мекемеде жеті жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Асылбек мұндайды көтере алмай, жүрегі сыр беріп, ауруханадан бірақ шыққан.

"Мазақ қылғандай бермесе отырар едік, беріп екінші күні кілтті қайтар дейді", — деп наразылығын білдірді Асылбек Байлиев.

Асылбек пен Мираның үш баласы бар. Үлкені тоғызда, ал ең кішкентай бір жастан асқан. Көп жылдан бері отбасы пәтер жалдап келген. Көптен күткен пәтерлерінің кілтін алғанда төбелері көкке жеткендей болыпты. Қуаныштан туыстарына сүйінші хабар таратқан.

"Кілт бергенде жеке куәлігімізге және тізімге қарап барып берді. Ал келісім-шартты күте тұрыңыз деді", — дейді Мира Ысқақова.

Үйді жалға алғаны үшін отбасы ай сайын бес мың екі жүз теңге төлейтін болып келіскен. Балалар да үлкен үйге үйреніп, өз бөлмелерін сайлап қойыпты. Ал екі күннен кейін жағдай өзгеріп сала берген. Оларға кілтті қайтарып үйді тапсыру керек деген бұйрық келген.

"Мұқашев атты директорына бардық. Ол  үш баламен әйеліңіз үйде отыр, сіздер төлей алмайсыздар. Мені қызықтырмайды, мен сендерді тізімге қосқан жоқпын. Барлығын жұмыстан шығарам деп айқай салды", — деп отыр Мира Ысқақова.

Асылбек Байлиев Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жеті жылдан бері электромонтер болып қызмет етіп келеді. Ал мынадай жағдайға тап болғалы денсаулығы сыр беріп ауруханаға жатып қалыпты. Зауыт басшылығы оларды үй алатын қызметкерлер ретіңде тізімге қосып, еңді олардың төлей алатындығына күмән келтіріп отырса керек.

"Пәтер кілтінің табысталуы ол тек сол баспанаға үміткер екендігінің дәлелі. Бірақ барлық құжаттарды жинап, нақты талдау жасалғаннан кейін белгілі болады. Олар әзірге резервте тұр", — деді "КАЗХРОМ"  акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің жетекшісі Инесса Фадеева.

Қазір жаңа ауданда орналасқан үйден елу сегіз отбасы пәтер алды. Олар қоныс тойларын тойлап жатыр. Ал Байлиевтер отбасы болса ыңғайсыз жағдайда қалып, не істерлерін білмей дал болуда.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.