АҚШ- та бес жасар бала тоғыз айлық інісіне оқ атты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 18, 2023

Америкалық Миссури штатында бес жасар бала абайсызда тоғыз айлық інісіне оқ атты. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс агенттігіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Нодэуэй округінің шерифі Даррен Уайттың хабарлауынша, қайғылы оқиға дүйсенбіде Канзас-Сити қаласында болған.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, ұл бала үйден оқталған тапақшаны тауып алып, тоғыз айлық інісіне қаратып абайсызда шүріппені басып, атып алған.

Шерифтің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде бала жаңа жүре бастаған балаларға арналған қоршауда ойнап жүрген. Полиция болған оқиға кездейсоқтық деп есептейді.

Тергеу жүргізілуде.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.