Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 12, 2022

Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның алты облысында жолдар жабылды, деп хабарлады ІІМ төтенше жағдайлар бойынша комитеті.

Осылайша Ақмола облысында боран салдарынан "Екатеринбург-Алматы" (856-917 км) а/ж, "Жезқазған-Петропавл" (377-440 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Алматы облысында "Үшарал-Достық" (0-184 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды. Қарағанды облысында "Жезқазған-Петропавл" (130-240 км) а/ж, "Алматы-Екатеринбург" (1007-885 км Қарағанды қ.- Ақсу-Аюлы а.) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Қостанай облысында "Жезқазған-Петропавл" (377-252 км) а/ж, "Арқалық-Торғай" (0-288 км) а/ж, "Әулиекөл-Жалдама" (54-257 км) а/ж учаскелерінде көліктің барлық түріне жол жабылды.

Павлодар облысында "Қызылорда-Павлодар" (1135-1205 км Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында "Қошқарата-Жарықпас-Бірлік" (77-142 км) учаскесінде көліктің барлық түрінің қатынауына тыйым салынды.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.