Ресейден еркін әкелініп жатқан ескі көліктерге тыйым салынуы мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 25, 2022

Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастағалы бері елімізге Ресей мен Беларусьтен емін-еркін әкелініп жатқан ескі көліктерге тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды 31 арна.

Инвестиция және даму министрлігі жол комитетінен Еуро-4 экологиялық стандартқа сәйкес келмейтін көліктерді тіркемеуді сұрап отыр.

Негізі Еуразиялық экономикалық одақтың келісім шартына қол қойылғанға дейін де, кейін де үнсіз қалған үкімет жаңа жылдан бастап Ресейден жаппай арзан көлік әкеліне бастаған кезде ғана оянғандай.

Инвестиция және даму министрлігі одақ аясындағы елдерден ескі-құсқы темір тұлпарларды елге әкелу "Жол қозғалысы туралы" және Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келмейді дейді.

Сондықтан көршінің арзан көлігіне қызығып, лап қойып жатқан халыққа тек Еуро-4 стандартына сәйкестерін, яғни жаңаларын ғана алуға кеңес берді.

Ал жол комитеті болса, Ресей мен Беларусьтен ағылып жатқан арзан көліктердің жылына қарамай-ақ еш кедергісіз мемлекеттік тіркеуге алатынын жариялады. Біріне-бірі қарсы шыққан қос министрлік бұл өзекті мәселені қалай шешетіні әзірге белгісіз.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.