Путин армениялық отбасын қырып салған ресейлік сарбаз жазасын алады деп сендірді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 5, 2022

Ресей президенті Владимир Путин Армения президенті Серж Саргсянмен телефон байланысы кезінде "Гюмриде бір отбасының алты адамын өлтірген адам тиісті жазасын алады" деп мәлімдеді.

Путин қаза тапқан отбасының туысқандарына көңіл айтып, Ресей дәрігерлері оқиға кезінде аман қалған алты айлық балаға көмек беретінін де айтты. 12 қаңтарда Гюмриде бір отбасының алты адамы өлтіріліп, алты айлық бала ауруханаға түскен.

Кейін бұл оқиғаға қатысты ресейлік солдат Валерий Пермяков тұтқындалған. Осы оқиғаға байланысты Арменияның астанасы Ереванда және бірнеше қаласында ереуіл өткен. Ереуіл кезінде жұрт Ресей туын өртемек болған.

Айта кетсек, сейсенбі күні алты адам мерт болған оқиға кезінде ауыр жарақат алған алты айлық бала Сережа Аветисян Еревандағы ауруханада қайтыс болды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі жеткізді.

Мерт болған алты адам — ерлі-зайыптылар және олардың ұлы мен келіні, екі жасар немересі және жас қызы. Алты айлық ұл бала — Сережа Аветисян жарақатпен ауруханаға түскен. Бұл қылмысқа күдікті ретінде танылған ресейлік солдат Валерий Пермяков 13 қаңтарда Түркиямен шекарада ұсталған.​

Қазір тұтқындағы Пермяковке қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.