Қостанай облысында ер адамды қарызы үшін ұрлап кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Авг 6, 2023

Топтасқан қылмыспен күресу басқармасы Рудный қаласының ІІБ-мен бірлесе отырып, адам ұрлауға қатысы бар 3 күдіктіні ұстады. Бұл туралы Қостанай облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап 24 kz хабарлайды.

Рудный қаласының ішкі істер басқармасына 27 жастағы қала тұрғыны 36 жастағы күйеуінің ұрланғандығы жайлы шағыммен келеді. Әйелінің осындай болжамына күйеуінен келген SMS хабарлама себеп болған.

Хабарламада "Жазуға уақытым жоқ. Егер бір-екі күннің ішінде байланысқа шықпасам, полицияға бар" делінген.

Аталған факт бойынша жедел іздеу тобы жасақталды. Тергеу кезінде ер адам қомақты сомада қарыз алып, кейін оны қайтара алмай, Астанада борыш бергендерден жасырынады. Уақыт өте келе қарыз берген үш күдікті борыштанған адамды тауып, Қостанайға алып келген.

Оны қала шетіндегі ғимаратқа жауып, еркін қимылдауына мұрша берместен, қарыздарын пайызымен қайтаруды талап еткен. Кейін дос-жарандары, туған-туыстарына хабарласып, ақша сұрауы үшін оған ұялы телефон берген. Мүмкіндікті қалт жібермеген жәбірленуші әйеліне SMS хабарлама жібереді.

ІІБ-ның хабарлауынша, қазір аталған 3 күдікті адам ұрлау фактісі бойынша ұсталып, Рудный қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 125-бабы "Адам ұрлау" және 126-бабы "Заңсыз еркіндігінен айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Новости Казахстана


Авг
8

Комментарии закрыты.