Голландияда ойын кезінде селфи жасайтын футболшылар жазаланбақ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Янв 15, 2023

Нидерланд корольдігінің футбол одағы футболшылар ойын кезінде селфи жасайтын болса, сары қағазбен жазаламақ деп хабарлайды Telegraaf.

Айта кетейік, Италия чемпионатының 18-туры матчында "Рома" -"Лацио" клубтары кездесіп, тең нәтиже көрсетті (2:2).

Аталған матчта "Қасқырлар" шабуылшысы Франческо Тотти гол соққаннан кейін алаңда өзін суретке түсірген болатын.

Алайда, Корольдіктің футбол одағы мұндай әрекетті әдейі уақытты созу деп есептейтінін хабарлады.

Франческо Тоттидің матч кезінде селфи жасауы әлеуметтік желілерде жанкүйер тарапынан қолдау тапқанын айта кету керек.

Новости Казахстана


Янв
1

Комментарии закрыты.