Парижге келетін туристер саны азайып кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 2, 2022

Парижде қаңтар айында орын алған лаңкестік әрекеттерден кейін қалаға келетін туристер саны күрт төмендеп кеткен, деп хабарлайды Bnews.kz.

Әдетте адам қарасы мол Эйфель мұнарасының алдында террорлық әрекеттен кейін туристер саны айтарлықтай азайып кеткен.

"Шабуылдардан кейін тып-тыныш болып қалды. Енді мұндай туристер ағымы тағы бола ма жоқ па, ол жағы белгісіз", — дейді әйгілі мұнара алдында жұмыс істейтін саудагер.

Туризм саласында қызмет көрсетушілер мен ірі сайттар Парижде туристер санының төмендеп кеткенін көрсетуде.

Қазір Францияда 10,5 мың күш құрылымы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылған, оның 6 мыңға жуығы Париж бен оған жақын маңдағы елді-мекендерді күзетеді. Әуежайлар, еврей мектептері мен БАҚ кеңселері жанында күш кұрылымының рейдтері арттырылды.

Еске сала кетсек, лаңкестердің қарулы шабуылынан 17 бейбіт тұрғын мен үш содыр мерт болған еді.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.