«Еуразиялық банк» елге күйе жаққан қызметкерімен соттасуы мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 5, 2024

"Еуразиялық банк" АҚ заң қызметі банктің бұрынғы менеджері Татьяна Бурнакинаның үстінен шағым жазуды қарастырып жатыр. Өткен аптаның соңында ол Ресейдегі аймақтық басылымға сұхбат берген болатын.

"Еуразиялық Банкте" банк карталары және төлем қызметтері департаментінің директоры болып жұмыс істеген Татьяна Бурнакина newslab.ru сайтына берген сұхбатында қазақстандықтарды кәсібилігі төмен деп атап, елді жемқорлық жайлағанын және орысша сөйлегенде, тұрғындардың қате жіберетінін айтқан.

"Банктің заң қызметі бұрынғы қызметкерге шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр", — дейді банк өкілі.

Бурнакина өз сұхбатында банкте ұрлық пен алаяқтықтың көп болатынын сондай-ақ, қазақша есімдерді жаттау қиынға соққанын айтыпты.

"Менің есте сақтау қабілетім жақсы. Алайда, қазақша аттарды мен мүлде айта алмадым. Әкесінің атын жаттау тіпті мүмкін емес. Тек француз бастығым келіп, "Татьяна, бәрі де оңай. Тек "Айфон" мен "Айпадты", сосын Айгерім мен Айгүлді жаттап алыңыз деген кеңесін берді", — дейді Бурнакина сұхбатында.

Осыдан соң, "Еуразиялық Банк" АҚ Татьяна Бурнакинамен арадағы келісімді бұзып, оны қызметінен босатты.

Бурнакинаның сөзіне қарағанда, ол еңбек өтілін Крансоярскіде бастаған. Кейін 10 жыл бойы Мәскеуде қызмет атқарған ол өзге де нарықта өз күшін сынамақ болып Қазақстанға келген екен.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.