Зарина Дияс Australian Open турнирін жеңіспен бастады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 3, 2022

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Мельбурнде өтіп жатқан теннистен (Australian Open) Австралия ашық чемпионаты — "Үлкен дулыға" сериясы турнирінің маусымында екінші айналымға өтті, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.

Турнир ұйымдастырушыларынан 31-ші нөмірді алған Зарина Дияс бірінші айналымда Польшадан келген 149-шы ракетка Урсула Радваньскамен кездесті. Польшалық 3:6 есебімен бірінші партияда ұтылып, қазақстандық теннисшіден 6:4 есебімен артта қалды.

Шешуші сетті Зарина брейктен бастады, қарсыласы да қарсы жауап қайтара білді. Алайда отандасымыз үш рет қатарынан ұпай санын толықтырып, нәтижесінде 6:2 есебімен партияда, сонымен бірге кездесуде жеңіске жетті.

Жарыстың келесі айналымында Зарина Дияс  ОАР-дан келген Шанель Схеперті үш сетте 6:4, 4:6, 6:6 есебімен ұтқан словакиялық теннисші Анна Шмидловаға қарсы кортқа шығады.

Australian Open жарысында кейіннен тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова ойын көрсетеді. Бірінші айналым бойынша оның қарсыласы чехиялық Люси Шафаржова.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.