Қазақ хандығы туралы сериалдың 10 сериясы қысқарып қалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Ноя 22, 2023

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілетін 20 сериялы телехикаяның бөлімдері қысқарды. Енді ел тарихы небары 10 серияға сыйдырылады.

Бұл туралы Түркістан газетіне берген сұхбатында сценарий авторларының бірі Смағұл Елубай айтты. Жазушымен бірге телехикая сценариін жазуға "Жаужүрек мың бала" фильмі, "Қара шаңырақ" телехикаяларына сценарий жазған Тимур Жақсылықов қатысуда екен.

"Алғашында жиырма сериал деген, одан кейін қамтитын уақыт қысқарды", – дейді жазушы Смағұл Елубай. Одан бөлек қазақ хандығы туралы фильмді телехикая емес, деректі фильм етіп шығару туралы ұсыныстар да айтылған.

Сондай-ақ, жазушы 20 сериялы телехикаяға лайықталған жалпы сценарий жобасы бұзылып, "осыған дейін жазылған бес серия далаға кеткенін, мұндай жауапты, үлкен жұмысқа тым қысқа уақыт берілгендігін" айтып қынжылды.

Мәдениет және спорт министрлігінен түскен нұсқаудан кейін сценаристер қайта жазуға отырған. Сериал көлемі уақыттың тығыздығына байланысты қысқарған болуы әбден мүмкін.

Бүгінде жаңа нұсқауға сай жазылған он серияның бесеуі дайын деуге болады. Қалған сериялары ақпан айында жазылып бітеді.

Әзірге бұл мақсатқа жұмсалатын қандай да бір қаражаттың мөлшері жарияланған жоқ. Бірақ мемлекеттік тапсырыспен сценарий жазып жатқан жазушы Смағұл Елубай: "Бұның ең бір қажетті нәрсесі – қаражат. Қаржы мол құйылуы керек. Онсыз бұл тарихымыз жұтаң, кедей, жадағай болып көрінеді", — деді.

Новости Казахстана


Ноя
11

Комментарии закрыты.