«Барахолка» жыл соңына дейін жаңа кейіпке енеді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 29, 2024

"Барахолка" жыл соңына дейін жаңа кейіпке енеді. Қазірдің өзінде аймақтағы кептеліс сейілген. Жолдар кеңейтіліп, жаяу жүргіншіге арналған көпірлер салу қолға алынған.

"Барахолка" базарындағы сауда-саттық бұрынғы қарқынына қайта келеді, тек сәнді сауда ғимараттары тұрғызылып, кең жолдар салынады.

Сауда аймағының айналымын жандандыру үшін қазірдің өзінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Былтыр 16 базар сүрілсе, олардың арасында қазірдің өзінде бұрынғы атауларымен бой түзеген сауда кешендері бар.

Адамдардың қауіпсіздігін азайту және көлік тығынын болдырмау мақсатында базарда жүргіншілерге арналған 5 көпір салыну жоспарланған. Бүгінде оның үшеуі қолданысқа берілді. Екі көпірдің құрылысы мен бір жерасты өткелін жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Есесіне жолда бұрынғыдай көлік кептелісі жоқ. Тіптен арба мен адамға арналған кең жолдар қазір қолданысқа беріліпті. Ал алдағы уақытта салынуы тиіс сегіз базардың жобасы сәулет және құрылыс басқармасының талабына сәйкес дайындалған.

Жолдың құрылысына былтыр қалалық бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген. 10 жолақты тас жолды төсеу үшін әрі автотұрақтың құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы тағы бөлінеді.

Осы аумақтағы коммуналдық мәселелерді шешуді де қалалық әкімдік мойнына алған. Базар басшылары тек талапқа сай келетін сауда ғимараттарын ғана өздері тұрғызуы тиіс.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.