Қожағапанов: Қазақстанда Әлем чемпионатын өткізуге әлі ерте


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 7, 2023

Қазақстан футбол Федерациясының жаңа президенті Ерлан Қожағапанов Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ФИФА басшысы Йозеф Блаттермен кездесті.

 

Қазіргі кезде Санкт-Петербургте ТМД елдері арасында дәстүрлі «Достастық» турнирінің өтіп жатқаны белгілі. Осы жарысқа көптеген елдің футбол басшылары келді.

Еліміздің жастар құрамасы кезекті рет бақ сынап жатқандықтан Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов та Ресейге сапар шекті. Ерлан мырза Ресейде ФИФА басшысы Йозеф Блаттермен жолығып, біраз мәселе талқылапты.

"Қазақстанның экономикалық жетістіктері кез келген халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде Олимпиада, футболдан әлем чемпионаты сияқты жанкүйерлердің ерекеше қызығып көретін шаралары да бар. Бірақ бізге әлем чемпионатын өткізу туралы өтініш беруге әлі ерте. Біз бұл мәселені әзірге қоя тұрамыз", — деді Қожағапанов.

ФИФА президентімен әңгіме барысында Қазақстандағы футболдың танымалдығын арттыру, техникалық базаларды жаңарту, балалар мен жасөсірімдер футболын дамыту жайы талқыланған.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.