Қытайлық компания Жамбыл облысында ірі жел электр станциясын салады


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 9, 2024

Қытайлық компания Жамбыл облысында ірі жел электр станциясын салмақ. Бұл туралы облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегацияның Қытайға арнайы жұмыс сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Қытайдың Шэньси провинциясының Сиань қаласында облыс әкімі К.Көкрекбаевтың Шэньси провинциясы халық үкіметінің төрағасы Лоу Циньцзянмен келіссөздері өтті.

Кездесуде экономикалық-сауда, мәдени салаларды дамытудағы әріптестік мәселесі талқыланды. Оның ішінде энергияның тиімділігі мен жаңартылған энергия көздерін пайдалану саласында ынтымақтастық та айқындалды.

Атап айтқанда, "Да И" қытай компаниясымен қуаты 200 МВт жел электр станциясының құрылысын салу жөнінде бірлескен жобаны іске асыру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, тараптар аграрлық саладағы жоғары технологиялы жобаларға да тоқталды.

Алдағы 3 жыл ішінде органикалық жеміс-жидектер мен көкөністерді өндіру және қайта өңдеуге арналған, сонымен қатар ет, сүт шығаратын және өнімді қайта өндейтін кәсіпорындарды құру бойынша заманауи малшаруашылық кәсіпорындарының кластерлерін құру бойынша ынтымақтастыққа қол қойылды.

Аграрлық секторға тартылатын инвестицияның жалпы көлемі 950 млн АҚШ долларын құрайды деп жазады BNews.kz.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.