Петропавл тұрғынының ауласына жабайы түлкі қоныстанған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 3, 2022

Петропавлда электр таратушы компанияның ауласына жабайы түлкі қоныстанған. Мұны кәсіпорын жұмысшыларының бірі қалта телефонының бейнетаспасына түсіріп алған деп хабарлайды Астана арнасы.

Айтуынша, жыртқыш аң мекеме маңына тек таңға жуық келеді. Ал түс ауа көлік қарбаласы басталған кезде, мекемеге жоламайтын көрінеді. Түлкінің бұл мекемені пана еткеніне бір айдай уақыт болыпты.

"Бастапқыда үркіп жүретін, уақыт өте келе адамдарға үйренген болса керек. Қазір ол да, біз де бір бірімізді жатырқамаймыз",- деді мекеме қызметкерлері.

Олар түлкіні күн сайын тамақтандыруды әдетке айналдырған.

"Аң теріс қылық көрсеткен емес", — деп отыр. Осы күнге дейін ешкімге айбат шекпепті. Ал әйелдер жабайы түлкіге "Люся" деген ат қойып үлгерген.

"Қасымызда айналып, ойнап жүгіріп жүреді. Таңғы 8-дер шамасында келеді. Жұмысшылар арнайы түлкіге деп, күнде үйден тамақ таситын болды. Бастапқыда кіп-кешкентай еді, қазір өсті біршама", — дейді кәсіпорын қызметкері Вальдер Михель.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.