Маңғыстау облысында әйел кішкентай 2 баласын танысына тастап кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 1, 2022

Маңғыстау облысының ішкі істер қызметкерлері Жаңаөзендік көкек ананы іздестіріп жатыр. 1979 жылы дүниеге келген әйел бір және екі жасар қос перзентін таныс келіншекке тастап, кетіп қалған.

Содан бері ізім-ғайым жоқ деп хабарлайды 24 kz.

"Балаларыма 3-4 сағат қарай тұршы деп кетіп қалды. Бір күн күттім, екі күн күттім, әлгі келіншек жоқ. Содан амалсыз полиция шақыртуыма тура келді", — деді Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Арыз түсісімен, ювеналды полиция қызметкерлері білім бөлімінің мамандарымен бірге кішкентай қос бөбекті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеру нәтижесінде балалардың денсаулығының жақсы екендігі белгілі болды.

Алайда бір жасар сәбидің туу туралы құжаты жоқ екен. Ол еш жерде тіркелмеген. Анасы тастап кеткен балақайлар уақытша балалар үйіне орналастырылды.

Ал полицейлер көкек ананың соңғы тұрған мекенжайы мен жұмыс орнын тексеріп, іздеп жатыр.

"Тексеру барысында әлгі әйелдің алаяқтық әрекеті үшін екі рет істі болғандығы анықталды. Алайда жүкті әйелдің босану уақыты жақындағандықтан, азаматқа қатысты іс уақытша тоқтатылған екен. Қазіргі таңда оны ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралып жатыр", — дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.