Отандық жұлдыздар қазынаға салық төлеуге міндеттеледі


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 4, 2023

Құзырлы органдар өнер иелеріне салынатын табыс салығына жіті мән бермек. Алайда, бұл қадам әншілер қауымы наразылығын тудырып отыр деп хабарлайды Алматы арнасы.

Шоу-бизнесте қомақты қаржы тауып жүрген әншінің бірі Айқын Төлепберген, Форбс басылымының есебінше жылына 700 мың, ал өзінің айтуынша 350 мың доллар көлемінде табыс табады. Салық төлеуші ретінде тіркелгеніне үш жыл болған. Бірақ осы аралықта мемлекетке төлеген салығы 100 мың теңге ғана. Төленген салық табыс көлеміне мүлдем сәйкеспейді екен.

"Мен үш жылдай болды салық төлеп тіркелгеніме. Жеке кәсіпкерлігім бар. Егер осы жеке кәсіпкерліктен ақша өтетін болса онда міндетті түрде төлеймін", — деді әнші Айқын Төлепберген.

Әншілердің барлығы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс деген заң бұрыннан бар. Бірақ оны жүзеге асыру биылдан бастап қатаң түрде бақыланбақ.

Заңға құлақ аспағандарға қолданылатын шараның салмағыда ауыр. Ондай жағдайда әншілердің есеп шоты жабылып, мүлігі шектелмек.

Өнер адамдары бұл заңды "мәдениетті өркендетуге балта шабу" деп санайды.

"Қазір енді той-томалақта өлең айтып жүргеннен кейін олардан бір нәрсе алудың өзі ұят. Бет-алды келіп еш көмектеспестен ақша бер деп қинаудың өзі ессіз тірлік деп ойлаймын", — дейді әнші Нұрлан Еспанов.

Елдегі әншілердің көбі қомақты табыс тапқанмен, оның негізгі бөлігі тойдан түседі. Әрі алыс-берістің 90 пайызы есеп-шот арқылы емес, қолма-қол арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан қанша жерден әнші, әртістердің табысы қатаң бақыланады дегенмен, шындығында ол істі жүзеге асыру салықшылар үшін қиын болмақ.

"Әншілеріміздің табысы бір жылда 250 мыңнан астатын болса, онда жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелуі міндетті. Сондықтан әкімшілік хаттама толтырылмасын десе осы міндеттемені орындағандары дұрыс", — деді Алматы қалалық салық департаментi түсiндiрме басқармасының басшысы Дәурен Нұрғожаев.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.