Австралия ашық чемпионатында Зарина Дияс Шараповамен кездесуі мүмкін


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 31, 2023

Теннистен үлкен дулығаның бірі болып есептелетін Австралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Жарыста ел намысын Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс қорғайды.

19 қаңтар күні басталатын әлем біріншілігімен тең айтулы додада Зарина Дияс бірінші айналымда іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен кортқа шығады.

Қарсыласын ұтқан жағдайда словакиялық Анна Шмидловамен немесе оңтүстікафрикалық Шанель Схеперспен кездеседі. Ал үшінші айналымға шықса, әлемнің ең азулы теннисшілерінің бірі, қазір дүниежүзілік рейтингте екінші орында тұрған ресейлік Мария Шараповамен шеберлік байқасуы әбден ықтимал.

Диястың өзі де өткен жылы осындай мықты теннисшімен кездесуді армандайтынын айтқан болатын. 2014 жылы Австралия біріншілігінде үшінші айналымға дейін жеткен Заринаның жолын қазір әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп кескен еді.

Қазақстанның екінші ракеткасы Ярослава Шведованың бірінші айналымдағы қарсыласы да мықты, ол әлемнің 16-ыншы ракеткасы, чехиялық Люси Шафаржовамен сынға түседі.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстанның бірінші ракеткасы, қазір Сидней турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатқан Михаил Кукушкин бірінші айналымда тунис теннисшісі Мәлік Жазиридің шамасын байқап көрмек. Ал Андрей Голубев фин Яркко Ниеминенді жеңуге тырысады. Бұл екеуі де онша күшті емес, қазақстандықтар өтуге болатын қарсыластар.

Айта кетейік, аталмыш турнирдің жүлде қоры — 14,398 млн $АҚШ. Сондықтан теннисшілер онда табысты ойнаса, рейтингте алға жылжуға және қаржылық қорын молайтуға мүмкіндік алады.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.