Қарағанды билігі түнде суға түсуге тыйым салды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 19, 2024

Қарағанды билігі шоқыну мерекесі кезінде түнде суға түсуге тыйым салды. Қауіпсіздік мақсатында қолға алынған шараны правослов шіркеуінің өкілдері де қолдап отыр деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұның себебі осыдан 4 жыл бұрын суға түсушілер саны 3 мыңға жетер жетпей болса, былтығы мерекеде 13 мыңға тарта адам суға сүңгіп шығыпты. Елдің көбі қалың нөпірмен түнде келетіндіктен қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру қиынға соғады екен.

Ащы суға сылқия тойып ап топан су тобығынан келмейтіндердің әлекке салатыны тағы бар. Биліктегілер бұған заңдық тұрғыдан тыйым сала алмайтынын білсе де, түнде суға түсу діни тұрғыдан да қате деп отыр шіркеу өкілдері.

"Түнде су маңайына барып та, түсіп те керегі жоқ. Өйткені шіркеу өкілдері суды 19-ы күні сағат 11-де ғана аластайды. Содан кейін түсуге болады. Ал оған дейін шомылу құр далбаса. Бірақ бұл қалыптасып кеткендіктен елді қойдыра алмай келеміз. Сондықтан полиция мен құтқарушылар елді суға түнде жібермеуін сұраймыз", — дейді Владимир Фрейгенг.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.