АШМ-ның лауазымды шенеунігінің жазасы ұзартылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 6, 2023

Ауылшаруашылығы министрлігінің лауазымды шенеунігіне қатысты жаза қатайтылды. Су ресурстары комитетінің орынбасары Арман Құмашевқа апелляциялық сот алқасы тағы 3 жыл қосып берді

Енді бюджеттің 5 миллиард теңгесін талан-таражға салған атқамінер жақын арада қамаудан шықпайды деп хабарлайды КТК арнасы.

Қызмет бабын пайдаланып, бюджет қаржысын жымқырған Құмашев былтыр жазда 4 жылға сотталған болатын. Жеңіл жаза кесілді деп көңілі толмаған прокурорлар оның мерзімін ақыры ұзартты.

Жазасының 7 ай мерзімін өтеген экс-шенеунік енді түрмеде 4 емес, 7 жыл отыратын болды. Себебі, Су ресурстары комитетінің бұрынғы орынбасарына "өзгенің мүлкіне қол сұқты, ақша жымқырды" деген қосымша айып тағылып дәлелденген.

Яғни, Арман Құмашев Қарағанды облысындағы Сәтпаев каналы үшін сатып алынған құрал-жабдықтың бағасын көтермелеп, қыруар қаражатты қалтасына басқан.

39 жастағы шенеунік бұл қаржыға 3 бірдей элиталық баспана алып, көлік сақтайтын тұрақ пен бильярд орталықтарын ашып тастаған.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.