Британдық әйел екі мысыққа тұрмысқа шықты


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Дек 29, 2022

Ұлыбританияның тұрғыны Барбарелла Бюхнер екі мысыққа тұрмысқа шықты. 48 жасар британдық әйел бал айын Канар аралында өткізген. Бұл туралы ozgeshe.kz порталына сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.

Жергілікті басылымның хабарлауынша, адамдар үй жануарларын асырап алу арқылы табиғатты қорғауға үлес қосып отырған көрінеді.

Жеті жыл бұрын Бюхнер күйеуімен ажырасып кетіпті. Содан кейін ол жануарлар дүкенінен Лугоши мен Спайдер атты мысықтарды асырап алады.

Барбарелла Бюхнер мысықтарға тұрмысқа шыққаны жөнінде сертификат та алған. Бірақ бұл құжаттың заңды күші жоқ екен. Енді мысықтармен бас қосқан әйел болашақта Лондонның солтүстігіне қоныс аудармақ.

Қазіргі таңда жануарлармен некеге тұратын жандар кездеседі жатады. Мәселен, 2014 жылдың қыркүйек айында 18 жасар Мангли Мунда есімді үндістандық қыз итке тұрмысқа шыққан болатын. Алайда, оның да өзіндік есебі бар еді.

Новости Казахстана


Дек
12

Комментарии закрыты.