Таразда аты-жөні белгісіз азамат жақындарын іздейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 5, 2023

Ес-түссіз қалған ер адам әлеуметтік бейімдеу орталығында былтырдан бері жүргені белгілі болды.

Бірақ, орталыққа келгелі басқасын қойып, есімінде есіне түсіре алмай қойған деп, хабарлайды 31 арна.

Айтар ойын тек ишарамен түсіндіретін оны орталық қызметкерлері де түсінбей қиналады. Жүрек талмасынан соң делсал күйде қалған.

Қазіргі таңда азамат денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз. Жеке басын нақтылау мүмкін болмай тұр. Жалпы, қазір бейімдеу орталығында түрлі себептермен әкелінген жүз жиырма адам жатыр.

"Орталыққа қабалданғанда бір жылдық келісімшартқа отырғызады. Сол кезде құжаттары жоқтарға құжат дайындалады. Жаңағы мүгедектік дайындалады. Осы құжат дайындау мақсатында біз осы кісілерді танитын адам болса хабарласса екен деп отырмыз. Ал бұл кісі туралы ешқандай мәлімет ала алмай отырмыз", — дейді психолог Ботагөз Қалқабаева.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.