Қазақстаннан көшіп кетіп жатқандардың 4%-ын қазақтар құрайды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 8, 2024

Сенатор Қуаныш Айтахановтың мәліметінше, Қазақстаннан көшіп кетіп жатқандардың жалпы санының 4%-ын қазақтар құрайды, сонымен қатар отанға оралып жатқан қазақтардың саны кемуде.Фото: nnm.me

"Тәуелсіздік алған сәттен бері Қазақстанға оралған отандастарымыздың саны 1 млн-ға жетті және оны ресми статистика да айғақтайды бұл – жақсы көрсеткіш. Алайда, егер соңғы жылдардағы сыртқы көші-қон мәліметтеріне үңілетін болсақ, онда кері сальдоны байқауға болады", — деді Айтаханов бейсенбі күні палатасының алқа отырысының барысында премьер-министр Кәрім Мәсімовке сұрауымен жүгініп.

"Мысалы, статистика комитетінің 2014  жылдың 11 айындағы мәліметтеріне сәйкес елден басқа мемлекеттерге 28 868 адам кеткен, олардың 1089, немесе 4%-ы – қазақтар, 18 мыңы – орыстар және 6,9 мыңы – өзге ұлттар. Осы тұста Қазақстанға 15 085 адам оралған, елге келгендердің саны 11684-ке кеміді", — деп санамалап берді ол.

Сенатордың мәліметінше, республикаға келгендердің ішіндегі 11 мыңы ТМД елдерінен келген, қалғаны – алыс шет елдерден.

"Соңғы жылдары келушілердің саны бірнеше есе азайды деген сөз", — деді Айтаханов.

Ол Қазақстанның 2020 жылға қарай халық санын 20 млн-ға дейін ұлғайту міндетін қойғанын еске салды.

Оның айтуынша, республикаға тұрақты мекендеу орны үшін келетіндер азаматтық алу және жұмысқа тұрудың айқын тетігі жоқтығына қатысты қиындықтарға тап болады.

"Мәселен, өркениетті елдерде өз отандастарын репатриациялау жұмысы шетелдің өзінде-ақ басталып кетеді. Азаматтық алуға арналған құжаттарды жинау жүзеге асырылады, репатрианттардың шекараны кесіп өту уақыты, тұрын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету орындары алдын ала нақтыланады, ал бізде санамаланған тармақтардың бірде-бірі орындалмайды", — деп атап өтті сенатор.

Сонымен қатар, депутат Қазақстанда отандастарды отанға оралту мәселелерімен айналысатын органның бірнеше мәрте өзгергенін айтып қынжылды.

"Көші-қон жұмысы республикалық деңгейде үйлестірілуі тиіс. Қазіргі таңда көші-қон жұмысы сыртқы істер, ішкі істер, денсаулық сақтау және тағысын тағы министрліктердің қызметімен тығыз байланысты, ал ол республикалық деңгейде үйлестірілуі тиіс, басшылық үкімет деңгейінде іске асырылуы тиіс", — деді ол.

"Біз аталған мәселе бойынша нақты ұсыныс пен нақты шешім қабылдауымыз үшін жәрдем көрсетуді сұраймын", — деп жүгінді депутат үкімет басшысына.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.