Елімізде бағаларды теңгемен жүргізу үшін кем дегенде 3 жыл уақыт керек


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 8, 2023

Елімізде жылжымалы және жылжымайтын мүлік бағасы әлі де доллармен есептеліп жатыр. Өткен жылдың желтоқсанында үкімет тауар мен қызметтердің бағасын шартты бірліктермен есептеуге тыйым салған еді деп хабарлайды Астана арнасы.

Ұлттық валютаның үлесін арттыру үшін жасалған шара туралы үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Алайда дәл осы тетік орындалмай отырған сияқты.

Сарапшылар нарықтағы есеп-қисапты тек теңгемен жүргізу үшін кемінде 2-3 жыл уақыт керектігін айтады. Бірақ банкирлер мен депутаттар мұнымен келіспейді.

"Бүгінде доллармен ешқандай есептемеу туралы заң бар. Әр салада доллармен есептеуге болмайды, тек қана долларды теңгеге ауысырып қана теңгемен есептеуге болады. Ол заңда бар, бірақ жұмыс істемейді? Енді жұмыс істемейді деп те айтуға келмейді, жұмыс істейді. Ол заңды да қатал қадағалап отырған уақыт емес. Сондықтан заң бұзушылық жоқ деп айтуға болмайды, ол бар", — дейді парламенті мәжілісінің депутаты Нұрлан Жазылбеков.

Алайда, жылжымайтын мүлік нарығының жілігін шаққандар басқа пікірде. Олардың айтуынша, доллар теңгеге 2-3 жылсыз жол бермейді.

"Доллардан біз алдағы 2-3 жыл ішінде кете алмаймыз. Адамдар қасақана барлығын сол валютаға ауыстырып есептеп отырады. Тіпті, халықтың миында да есеп-қисап доллармен жүреді. Дедолларизация жақсы идея, бірақ, тәжірибиеде ол 2-3 жыл бойы өзгеріссіз болады. Жақында кезекті девальвация болады деген алып-қашпа сөздер бар. Бірақ олардың шындыққа қаншалықты жақын екенін айту қиын. Девальвация болса да, ол үй бағасына қатты әсер етпейді", — деп отыр жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры Юрий Романенко.

"2014 жылғы девальвациядан кейін баспана бағасы 3-5 пайызға ғана төмендеді", — дейді маман.

Айтуынша, теңгенің құнсыздануы қайталанса, үй бағасы ең көп дегенде, 5-7 пайызға ғана түседі. Тіпті сарапшы, тұрғын үй сатып алу шарттары биыл былтырғыдан да көбірек болады деген пікірде.

Жылжымайтын мүлікке деген сұраныстың артып отырғанын банк қызмеркерлері де мойындайды. Бірақ банктердің барлығы несиені теңгемен беруге асығып отырған жоқ. Көк қағаз тұғырын оңайлықпен берер емес.

"Нарықтық жағдайда шаршы метрлер доллармен есептеліп жатқан шығар. Бірақ айналып келгенде доллармен үлесіп отырған жоқ. Қазір үрдісті қарап отырған шығарсыздар. Енді біз бірте-бірте теңгемен есептеуге келеміз. Барлығы теңгемен есептелсе, теңгемен несие алса, теңгемен несиесін жауып отырса, теңгемен сауда-саттық жасап отырса, біз долларды неге еске алуымыз керек", — деді "Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен бірге банк өкілі ең бастысы, теңгеге деген сенімді, тұрақтылықты арттыру керек екенін атап өтті.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.