Алматыны дүрліктірген тұрғынға психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 2, 2024

Алматы қаласы әкімдігі ғимаратын дүрліктірген ер кісіге психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалды. Ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек осылай деп хабарлады.

Әкімшіліктің ғимаратында қамалып, тәртіп сақшылары мен мемлекеттік қызметкерлерді әбігерге салған тұрғынға осы әрекеті үшін ешқандай айып тағылған жоқ. Мұның себебі, тергеушілер оқиғаны бүге-шігесіне дейін зерттеуде.

Бұған қоса Салтанат Әзірбек ел-жұрттың үрейін ұшырған тұрғынның аты-жөнін жариялаудан бас тартты. Белгілісі оның жасы 37-де, Түркісіб ауданында тұрады.

Сондай-ақ сақшылар оның бұрын ұрлық жасап, сотталғанын айтты. Естеріңізде болса,  Алматы қаласы әкімдігін тәртіп сақшылары қоршауға алған еді. Әлдекім арыз-шағыммен келетін тұрғындарға арналған бөлмеде қамалып, үн-түнсіз отырып алады.

Оның қолында жарылғыш зат бар деген ақпарат расталмады. Ішкі істер департаменті оның 7 жыл бұрынғы азаматтық іске қатысты сот шешіміне өкпелеп, осындай қадамға барғанын мәлімдеді.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.