Шымкенттіктер зообақтағы қонжықтарды енесі жеп қойғанына сенбейді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Апр 16, 2023

Зообақта жаңа жылда туылған қонжықтар қайда кетті?! Шымкенттегі зообақта "аюдың жаңа туылған қонжықтарын өзі жеп қойды" деген уәжге қарсылық білдірушілер пайда болды.

Мекеме директорының орынбасары бұл тоқтамға күмән келтіріп отыр. Мұхтар Мұхамбетжанның айтуынша, қонжықтардың ғайыптан жоқ болып кетуін анықтау үшін арнайы комиссия құрылмаған. Бұған басшылықтың өзі бей-жайлық танытуда дейді.

Оның сөзінше, қонжықтардың өз енесіне жем болуына ешқандай себеп жоқ. Өйткені қан іздері жоқ және тиісті сараптама жұмыстары жүргізілмеді деп отыр.

"Бізде  вет дәрігер бар Бударагина деген. Сол кісі бүкіл ұжымның көзінше қонжықтарды екінші қаңтарда көргенін, ал үші күні жоқ болғанын айтты. Содан бұлар жеп қойды деген қорытынды шығарған. Мен сол жерде жеңіл дәретін тексеріп, дәлелдейік дегенмін. Менің өзіме  тиісті. Мүмкін жемеген шығар, мүмкін екісі күні түнде ұрлап кеткен шығар", — дейді директордың орынбасары Мұхтар Мұхамбетжан.

Зообақ директоры орынбасарының айтуынша, соңғы кезде түсініксіз түйткілдер орын алып жатыр екен. Бұған дейін 4 арқар мен маймылдар және қызыл кітапқа енген тырналар өлген. Оның да себептері анықталмады деп ашынады.

Ал директордың сөзінше, қонжықтарды енесі жеп қойған. Бірақ жағдайдың қалай болғанын ол да тәптіштеп айтып бере алмады.

"4-і күні аю шықты деді. Сөйтіп, тамағын сыртқы вольерге беріңдер деп, есігін жауып мына жақты қараған кезде аюдың балаларынан ештеңе қалмаған. Балаларының даусы да жоқ. 4-күні таңертең сыпырып, тазалағанда аюдың жоқ екеніне көзін жеткізді. Ал бірақ аюдың қанша баласы болғанын, неше болғанын ешкім айта алмайды", — дейді  Шымкент зообағының директоры Сейдолла Жұбаев.

Айта кетейік, жақында Шымкентте зообақтағы аю өзінің қонжықтарын жеп қойды деген шу шыққан болатын. Әзірге бұл оқиғаның жай-жапсары беймәлім.

Ал осы оқиғадан соң, зообақ директоры Сейдолла Жұбаев қызметтен кетемін деп қиғылық салды.

Новости Казахстана


Апр
4

Комментарии закрыты.