Қырғызстанда алкогольді ішімдіктер төлқұжат бойынша сатылмақ


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 19, 2023

Қырғызстанда бұдан былай спирттік ішімдіктерді жеке куәлікті көрсетіп барып қана сатып алуға болады, деп хабарлайды Bnews.kz.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қол қойған заң балалар мен жасөспірімдердің ішімдік ішіп, темекі тартуына жол бермеуге бағытталған. Енді дүкендегі сатушылар кез келген сатып алушыдан жеке куәлігін көрсетуін талап етуі тиіс.

Сонымен бірге спирттік ішімдіктер сататын сатушылар сату орындарында алкогольді 18 жасқа толмаған және құжаты жоқ тұлғаларға сатуға тыйым салынатыны, ішімдікті тұтынудан адам денсаулығына келетін зиян туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

Сондай-ақ заңда алкогольді ішімдіктерді, темекі мен темекі өнімдерін жарнамалау ережесін бұзғаны үшін қарастырылатын әкімшілік жауапкершілік күшейтілген. Бұған қоса сағат 7:00-ден 00:00-ге дейін радио мен телевизиядан алкогольді ішімдіктерді жарнамалауға тыйым салынады.

Егер бұл талап сақталмаған жағдайда 70 мың сом (шамамен 1,2 мың доллар) айыппұл қарастырылған. Заң 2015 жылдың 12 сәуірінде толық күшіне енеді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.