Көкшетаулық отбасы Қарақатқа сәбиінің тұсауын кестіру үшін арнайы келді


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Окт 7, 2022

Қарақат Әбілдина бір жасар қыздың тұсауын кесті. Танымал әншімен аттас кішкентай Қарақат есімді сәбидің тұсауын әншіге кестіру үшін ата-анасы Көкшетаудан Астанаға арнайы келіпті.

Ең қызығы сәбидің де есімі Қарақат, тегі Әбілдина екен. Оның ата-анасы Қарақат Әбілдинамен кездесу үшін арнайы Көкшетаудан қонаққа келген.

Мұндай қуанышты жаңалықпен танымал әнші өзінің Instagram парақшасында бөліскен еді.

"Бүгін бізде ерекше қонақ. Көкшетаудан арнайы келген бір жасар Қарақат Әбілдинамен таныс болыңыздар! Қадамына құт тілеп, тұсауын кестім. Періштенің домбыраны таңдап алғанын жақсылыққа жорыдым», — деп әнші ару қуанышын жасырмады.

Новости Казахстана


Окт
10

Комментарии закрыты.