Павлодар облысында қамыс үймен бірге 2 бүлдіршін өртеніп кетті


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 3, 2022

Павлодар облысында кезекті рет қамыс үй өртеніп, қызыл жалын екі адамның өмірін жалмады.

Алдын ала болжам бойынша, бұлар – 5 және 11 жастағы бүлдіршіндер. Қайғылы оқиға өңір орталығынан 25 шақырымдық қашықтықтағы Мичурин ауылында сағат 03:30 шамасында орын алды.

Дабыл бойынша 4 арнайы техникамен жеткен 12 өрт сөндіруші отты ауыздықтағанымен, шала-жансар үйінділер оқтын-оқтын тұтануда. Қазір оқиға орнында жылжымалы өрт сөндіру зертханасы жұмыс істеп жатыр.

Естеріңізге сала кетейін, өткен жұмада ғана дәл осындай қамыс үй отқа оранып, елуден асқан әйел мен ер азаматтың мәйіті табылған. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.