Жары тікұшақ апатынан қайтыс болған әйел 2 млн өндіріп алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Фев 21, 2023

Алматы облысында апатқа ұшыраған Ми-8Т тікұшағының құлдырауынан қаза болғандардың бірінің жесірі «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ әуе компаниясынан 2 млнтеңге көлемінде моральдық өтемақы өндірді.

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысының Алакөл ауданында 2012 жылдың 24 қарашасында әуе-көлік оқиғасы болып, Ми-8Т тікұшағының құлдырауы орын алған.

Әуе-көлік оқиғасының салдарынан сегіз адам қайтыс болып, соның ішінде талап қоюшының жұбайы, «Қазақстан-Қытай құбыры» ККТ АҚ инженері Сабиров Кенжебай Нағашыбайұлы қаза болған еді.

Асыраушысынан айрылған келіншек «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ әуе компаниясын сотқа берген болатын. Сот отырысында нақты анықталғандай, Ми-8Т тікұшағының апатқа ұшырауына негізінен 3 себеп болғаны анықталды.

Алатау аудандық сотының шешімімен Сабированың талап-арызы жартылай қанағаттандырылды. Жауапкерден Сабированың пайдасына 2 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Новости Казахстана


Фев
2

Комментарии закрыты.