Ресей қытайлықтар үшін де шоппинг жасайтын сүйікті елге айналды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 27, 2022

Ресей енді тек қазақстандықтар емес, қытайлықтар үшін де шоппинг жасайтын сүйікті елге айнала бастады деп хабарлайды Астана арнасы.

"Независимая газета" басылымының мәліметінше, рубль құны түскен соң Ресей туристерді тарту жағынан Жапония мен АҚШ-ты қуып жеткен.

Ресейдегі тауар бағалары орта есеппен 30 пайызға түскен. Сондықтан, Қытайда қаңтар айындағы ресейлік турларға түгелдей брон жасалып қойылған.

Қытайлықтар Ресейден көбіне косметика, ұялы телефондар, спорттық аяқ киімдер сатып алуда.

Бірақ жалпы аспанасты еліндегілер рубльдің түскенінен шығынға ұшырап отыр. Себебі олардың Ресейге экспорты қысқарған. Әлсіреп кеткен рубльдің әсері қазақстандықтарға да ықпал етуі мүмкін.

Сарапшылар: "Ресейдің Қазақстанмен шекаралас қалаларына ағылатын шоп-туристердің екінші толқынын күтуге болады", — дейді.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.