Астана тұрғыны KFC-ді бүлінген өнімдер жайлы жалған ақпаратпен бопсаламақ болған


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Май 8, 2023

ІІМ өнімдердің бүлінгені жайлы жалған ақпарат таратып, KFC компаниясын бопсалауға тырысқан адамды ұстауға және жауапкершілікке тартуға жәрдемдесті.

Бұл туралы компаниядан хабарлады. 2014 жылғы қазанда Қазақстан аумағында "KFC" сауда белгісінің иегері "Caspian International Restaurants Company" (CIRC) компаниясының атына электрондық түрде бүркеншік хат түсті, онда егер компания 5 000 000 теңге көлемінде "өтемақы" төлемесе, "KFC" өнімінде құрт бар екендігі туралы ақпаратты таратып жіберетіні жайлы айтып, бопсалаған.

Хатты алып компания басшылығы ІІМ-ге аталған факті бойынша шара қабылдау шағымымен жүгінеді. ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін 2014 жылғы желтоқсанда бопсаланған ақшалай қаражатты алып жатқан үстінде 1982 жылғы азаматша С-ны ұстайды.

Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы азаматша С-ны ҚК 181-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыптады. Есіл аудандық соты азаматша С-ны 2 ай мерзімге тұтқындауға санкция берді.

12 қаңтарда сағат 15:00-де Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық соты аталған қылмыс бойынша бірінші тыңдауды тағайындады (Астана қ. Омаров көшесі, 57-үй).

Новости Казахстана


Май
5

Комментарии закрыты.