Түркия қауіпсіздік қызметі Ыстамбұлда лаңкестіктің алдын алды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Мар 3, 2022

Түркияның қауіпсіздік қызметі Ыстамбұл сауда орталықтарының бірінде жасалмақ болған лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп хабарлады Trend.az.

"Мilliyet" басылымының хабарлауынша, Түркияның арнайы қызметі Күрдістан жұмыс партиясы мүшелерінің террорлық әрекет жасамақ болғандығы туралы ақпарат алған.

Қауіпсіздік күштерінің арнайы операциясы аясында жарылғыш заттармен аталған күрд партиясының екі содыры қолға түсті.

Бұдан бұрын Ыстамбұлда Сұлтан Ахмет ауданында орналасқан полиция бөлімшесінің кіре берісінде жанкешті өзін жарып жіберген. Лаңкестік барысында бір полицей қаза тауып, тағы бір адам жарқат алған.

Алдымен лаңкестікті студент Элиф Сұлтан Калсен жасады деп хабарланған, артынша, Түркия ІІМ жанкешті Дағыстан тумасы Ресей азаматшасы Диана Рамазанова екендігі жайлы ақпарат таратты.

Ыстамбұлдағы Ресейдің бас консулдығы Ресей азаматшасының Ыстамбұлдағы лаңкестікке қатыстылығы туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.

Новости Казахстана


Мар
3

Комментарии закрыты.