Алматыда корейліктер тұратын аудан ашылды


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Июл 10, 2022

Соңғы жарты жылда Алматыға 5 мыңнан аса шетелдік азамат келген. Қазір олардың 1 жарым мыңға жуығы алып шаһарда кәсіппен айналысуда.

Алматыда корейлік аудан пайда болды. Осыған дейін, ЦУМ аталып келген бұл аумақты, жергілікті халық кәрістерге теліпті. Себебі, екі көшенің бойына корейлік инвесторлар сән салоны, дәмхана және кәрістің отандық өнімдерін сататын дүкендерді жаппай ашып жатыр.

Шетелдік кәсіпкерлердің майлы шелпекке мұрын тығуларына — визасыз режим септессе керек. Мәселен, осы жеңілдікті ұтымды пайдаланған бизнесмен Цанбом ШИН, тұрмыстық заттар сататын дүкен ашып, он шақты отандасымызды жұмыспен қамтыпты.

Достарымнан Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлерге қолдау жасайды деген естіп осында келдім. Құдайға шүкір, жұмысым өрлеп жарты жылдың ішінде 2 дүкен аштым.

«Кореяда машина құрау зауытында жұмыс жасап, зейнетке шыққан соң кәсіппен айналысқым келді. Біздің елде сауда жасау қиын, себебі, бәсекелестер өте көп. Достарымнан Қазақстанда шетелдік кәсіпкерлерге қолдау жасайды деген естіп осында келдім. Құдайға шүкір, жұмысым өрлеп жарты жылдың ішінде 2 дүкен аштым», — деді кәсіпкер Цанбом Шин.

Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін жайлы екенін көзімен көрген корейлік кәсіпкер соңғы үш айда 30-ға жуық туысы мен достарын бизнес жасауға Алматыға шақырыпты.

Соның есебінен, жарты жылда Оңтүстік Кореядан 1500-ден астам азамат, Қазақстанға ат арытқан. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың шілде айынан бастап елімізде 10 мемлекетке визасыз тәртіп енгізілген болатын.

Олардың қатарында АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Италия, Франция, Жапония, Корея, Нидерланды, Малайзия мен Біріккен Араб Әмірлігі бар.

«Он елдің өкілдері Қазақстанға келе салысы мен 15 күннен аспайтын болса, онда визасыз Қазақстанда тұра алады. Бұл жеңілдік инвесторларды тарту үшін көзделген», — деді Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Көші-қон басқармасының мәліметінше, соңғы жарты жылда визасыз тәртіп жүйесі енгілізген 10 мемлекеттен, Алматыға 5000-нан аса саяхатшы келіпті. Соның мың жарымға жуығы отанына оралмай, Алматыда жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқан көрінеді.

Шетелдік бизнесмендерге арналған визасыз жүру уақыты ағымдағы жылдың 15 шілдесінде тоқтайтын болады.

Новости Казахстана


Июл
7

Комментарии закрыты.