New York Times тілшісі «Қырғызбекстан» деген жаңа ел «ойлап тапты»


Рубрики Новости Казахстна, автор Sergey - Сен 21, 2023

Атақты New York Times басылымының тілшісі қателесіп, Қырғызстанды «Қырғызбекстанға» айналдырып жіберген.

Естеріңізде болса, 2013 жылы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Вирджиния штатында сөйлеп тұрып, Қырғызстанды «Қырзақстан» деп шатастырған еді.

Қырғыз және американдық журналистер Twitterе әлеуметтік желісінде @kyrzbekistan деген аккаунт ашып, жаңа мемлекетке қатысты әзіл-қалжың әңгімелерін жазуда.

Тіпті, жаңа аккаунт осы уақытқа дейін 800-ден астам оқырман жинап үлгерген. Интернет ресурсын пайдаланушылар Орталық Азияның картасын салып, оған «Қырғызбекстан» деген елді енгізіп қойған.

Даудың басы New York Times басылымының тілшісі Джон Бранчтың мақаласынан басталған. Журналист 2008 жылы радикалдар тұтқындаған Томми Колдуэлл атты альпинст туралы мақаласында елдің атауын шатастырып алса керек.

«Түзету: 2015 жылдың 7 қаңтары. Томми Колдуэллді тұтқындағандардың ізіне түскен әскерлер мақаланың алдыңғы нұсқасында Қырғызбекстан елінің әскерлері деп жазылған. Бұл қате. Ол мемлекеттің атауы – Қырғызстан», — деп жазған газет түзетілген мақалада.

Новости Казахстана


Сен
9

Комментарии закрыты.